ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кентінің тумасы Баешова Мадина Натиқызы – №177 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі. Ол 1993 жылдан бері білім саласында еңбек етіп, 33 жылдық ұстаздық жолында кәсіби шеберлігімен танылып келеді.
Ұстаз еңбегінің басты нәтижесі – шәкірт жетістігі. Оның оқушылары түрлі пәндік олимпиадалар мен республикалық жобаларда жүлделі орындарға ие болып, мектеп мерейін үстем етіп жүр.
2025–2026 оқу жылында 10-сынып оқушысы Ерсайым Нұрайым ауыл мектептеріне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңдерінде І орын иеленіп, республикалық кезеңде ІІ орын алды. Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінен ІІІ орын иеленді.
Мадина Натиқызы – еңбекқорлық пен жауапкершілікті, білім мен біліктілікті қатар ұштастырған ұлағатты ұстаз. Осындай еңбек адамдары – ел мақтанышы, ұрпаққа үлгі болатын асыл жандар.
Қызылорда облыстық ұйымы