ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БАҒЫТЫНДАҒЫ САЙЫСТА ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысы Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен педагогтар арасында «Жасанды интеллект – болашақтың кілті» атты аудандық олимпиада ұйымдастырылды. Білім беру саласындағы заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыру және жасанды интеллект құралдарын тәжірибеде қолдану мақсатында өткен шараға ауданның 5 жалпы білім беретін мектебінен 30 педагог қатысты.
Олимпиада ережеге сәйкес 3 кезең бойынша өткізіліп, қатысушылар өздерінің цифрлық сауаттылығы, кәсіби шеберлігі мен креативті ойлау қабілеттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Исатай Тайманов атындағы гимназия иеленсе, ІІ орын Бесқұдық орта мектебіне бұйырды. Ал, ІІІ орынды Қобыланды батыр атындағы орта мектебі қанжығасына байлады. Сонымен қатар, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебі мен Талдысай орта мектебінің педагогтар белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Олимпиада барысында ерекше қабілетімен көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, Бесқұдық орта мектебінің мұғалімі Мәлік Бекжанов «Промт шебері», Қобыланды батыр атындағы орта мектебінің ұстазы Дінмұхаммед Қуанғалиев «AI-зерттеуші», ал Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің педагогы Нұрай Дүйсенова «Техно-педагог» номинацияларын иеленді.
Шара соңында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуанышкерей Ибраев қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттады.
-
Фотографии
-