БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ
Жастар – елдің болашағы, жаңа идеялар мен тың бастамалардың иесі. «Жас келсе – іске» дегендей, олар кез келген ортаға серпін беріп, ұжым мүшелеріне жан жылуымен қолдау көрсете біледі. Осындай жас мамандардың бірі – педагог-психолог Зинадинова Қамшат Еркінқызы. Ол балалардың жүрегіне жол тауып, оларға сенім мен қолдау сыйлайтын ерекше жан.
Зинадинова Қамшат Еркінқызы 1994 жылы дүниеге келген. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ізденімпаз жас маман білім беру саласында аянбай еңбек етіп келеді. Білімі мен еңбегінің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, еңбегінің жемісін көруде.
Қазіргі таңда ол Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы «Ақмаржан» бөбекжай-бақшасында психолог қызметін атқарады. Өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде «Үздік жыл психологы» байқауының аудандық кезеңінде жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алып, номинация иегері атанды.
Осындай білімді, жауапкершілігі мол жас мамандар – еліміздің жарқын болашағының кепілі.