ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Кітапханашы – рухани байлықты сақтап, жас ұрпақтың білім мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыратын маңызды мамандық иесі. Осындай өз ісіне адал жандардың бірі – Еспембетова Салтанат Шәріпқызы.
Салтанат Еспембетова 1978 жылы 25 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін тәмамдап, кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келеді. Бүгінде Салтанат Шәріпқызы Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып, осы саладағы еңбек өтілі 22 жылға жетті.
Ол оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдеби кештер, танымдық шаралар мен кездесулер ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар кітапхана жанындағы “Гүлсамал” клубы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосуда. Клуб мүшелері өлең, әңгіме жазып, өз өнерлерін шыңдауға мүмкіндік алады.
Еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында Салтанат Еспембетова аудандық деңгейдегі Алғыс хаттармен марапатталған. Оның еңбегі – жас ұрпақтың рухани дамуына қосылған үлкен үлес.
Ақтөбе облыстық ұйымы