ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫ АРАСЫНДА БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ
14 мамыр күні Семей қаласы білім бөлімінің Балалар өнер мектебі базасында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт» атты облыстық байқау өтті.
Шара дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы және Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.
Байқауға қосымша білім беру ұйымдарынан «Шебер ұстаз» және «Цифрлы ұстаз» бағыттары бойынша 21 педагог қатысты. Қатысушылар өз жұмыстарында цифрлық құралдардың білім беру үдерісіне ықпалын көрсетіп, практикалық қолдану мүмкіндігін дәлелдеді.
Шебер Ұстаз» бағыты бойынша:
-І орын – Абай ауданы, «Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК, қосымша білім беру педагогы Айбын Жұматай;
-ІІ орын – Ақсуат ауданы, «Балалар өнер мектебі» КММ, қосымша білім беру педагогы Қымбат Бахтина;
-ІІ орын – Бесқарағай ауданы, «Шығармашылық үйі» КМҚК, қосымша білім беру педагогы Жанара Малекбаева;
-ІІІ орын – Семей қаласы, «Ғылыми-тәжірибелік білім беру және туризм орталығы» КММ Ахметқали Камзаханов;
-ІІІ орын - Бесқарағай ауданы, «Шығармашылық үйі» КМҚК, қосымша білім беру педагогы Ерлан Қаббас.
«Цифрлы ұстаз» бағыты бойынша:
-І орын – Көкпекті ауданы, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК, қосымша білім беру педагогі Мәншүк Сейітқазы;
-ІІ орын – Ақсуат ауданы, «А.Байқыдыров атындағы саз мектебі» КММ, қосымша білім беру педагогі Күмісай Сембаева;
-ІІ орын – Жарма ауданы, «Өнер мектебі» КМҚК, қосымша білім беру педагогі Ақнұр Садуова;
-ІІІ орын – Аягөз ауданы, «Аягөз аудандық өнер мектебі» КМҚК, қосымша білім беру педагогі Меруерт Смағұлова;
-ІІІ орын – Семей қаласы, «Татар өнер мектебі» КМҚК, қосымша білім беру педагогі Айнұр Шапатова.
Жеңімпаздарға «Дарын» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдары табысталып, Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қаржылай сертификаттары берілді. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Абай облыстық ұйымы
-
Фотографии
-