ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттеріне білім мен тәрбие беріп, адамгершілікке бағыт көрсетіп, саналы азамат қалыптастыруға үлес қосып жүрген майталман ұстаздардың бірі – Өңешбаева Әния Қабиқызы. Ол саналы ғұмырын білім беру ісіне арнап, педагог-зерттеуші ретінде де танылған, жалпы еңбек өтілі – 42 жыл.
Әния Өңешбаева 1965 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. 1980–1984 жылдары “Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі” мамандығын меңгеріп, бастауыш сынып мұғалімі біліктілігін алады. Еңбек жолын 1984 жылы Бекенбай орталау мектебінде бастап, кейін №2 Қарауылкелді орта мектебінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті.
Ұстаздың жетекшілігімен шәкірттері түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, мектептің беделін арттырды. Ол білім мен тәрбиені ұштастырып, оқушы бойына адамгершілік, адалдық және ұлттық құндылықтарды сіңіруге ерекше мән берді.
Ерен еңбегі еленіп, Білім және ғылым министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталарымен және облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған. Әріптестері арасында зор құрметке ие ұстаз жас мамандарға үлгі болып келеді.