ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
✔️Бірмағанбетова Жәмила Жайлыбайқызы - өз мамандығына адал, көп жылдық тәжірибесімен ерекшеленетін білікті кітапханашы. Ол білім мен руханият саласында аянбай еңбек етіп, оқырман тәрбиесіне зор үлес қосып келе жатқан жан.
🔳Жамила Бірмағанбетова - 1971 жылдың 28 маусымында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. Жоғары білім алған, мамандығы – кітапхана ісі. Таңдаған кәсібіне деген сүйіспеншілігі оны осы салада ұзақ жылдар табысты еңбек етуге жетеледі.
◽️Еңбек жолын 1996 жылы бастап, бүгінгі күнге дейін №3 Қарауылкелді орта мектебі кітапханасында қызмет етіп келеді. 30 жылға жуық еңбек өтілі бар маман өз ісінің нағыз шебері ретінде танылған.
🖇️Жамила Бірмағанбетова «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында нәтижелі жұмыстар жүргізіп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруда үлкен рөл атқарып келеді. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен шығармашылық ізденісі кітапхана жұмысын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етуде.
📃Еңбекқорлығы, мейірімділігі және кәсібіне деген шынайы адалдығы арқылы ол әріптестері мен оқушылар арасында үлкен құрметке ие. Бірмағанбетова Жәмила Жайлыбайқызы тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар өнегелі тұлға, көпке үлгі боларлық жан.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-