ЖАС ҰСТАЗДАРДЫҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
🎓 Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен “Жас ұстаз-жаңа идея” атты байқау өткізілді.
⚜️Байқаудың ашылуында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Байменшина қатысушыларға шығармашылық жетістіктерін одан әрі дамытып, білім беру саласындағы жаңа идеялар мен әдістерді енгізуге шақырды. Гүлнар Байменшина өз сөзінде жастардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған осындай іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтіп, байқаудың қатысушыларына сәттілік тіледі.
◽️Бұл байқау жас ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберліктерін шыңдау және жаңа идеяларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға ауданның түрлі мектептерінен жас ұстаздар қатысып, өздерінің білім беру саласындағы жаңашыл көзқарастарын танытты.
🏆 Байқаудың нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бас жүлдені жеңіп алған Назым Жанғазы ерекше шығармашылық ойларымен және тың идеяларымен көзге түсті.
🥇 Бірінші орынды Жанат Қарасаева жеңіп алды. Ал, екінші орынды Диана Гусманова иеленсе, үшінші орынға Айжан Елеусізова лайықты деп танылды.
💡 Сондай-ақ, арнайы номинациялар да жарияланды. “Креативті ұстаз” номинациясын Әділет Оразбай жеңіп алды. Ал “Кәсіби шығармашыл ұстаз” номинациясында Асылай Мұхатқалиева үздік деп танылып, шығармашылық тұрғыдан алға қойған мақсаттарына жеткені үшін марапатталды.
🌍 Байқау барысында жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздар дипломдармен және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Бас жүлде иегері Назым Жанғазы Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдама алды.
✔️Байқау жас ұстаздар үшін үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктер ашты, әрі олардың кәсіби дамуына зор ықпал етті.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы