ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНДЫҚ КОМИТЕТІНІҢ СЕМИНАРЫ
2026 жыл 14 сәуір күні "Қазақстандық оқу-ағарту және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының" Абай облысының кәсіподақ ұйымы" қоғамдық бірлестігінің "Жаңасемей аудандық комитеті" филиалы төрағасы Тасжуреков Акылбек Шакарович Жаңасемей ауданының кәсіподақ комитетінің төрағаларымен семинар өткізді.
Жаңадан сайланған кәсіподақ төрағаларымен таныстырды.Семинар барысында алдымен "Абай облысының кәсіподақ ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ибраев Сабит Молдатиянович сөз берілді. Сабит Молдатиянович Абай облысы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын және алда қандай атқарылатын айтып берді. Заң бойынша және Ұжымдық шарттың орындалуын қатаң бақылап отыру керектігін түсіндірді.
Екінші есепші қаражаттар смета бойынша қалай жұмсалатынын түсіндірді.
Ақылбек Шакарович Тасжуреков қайтадан кеңес (совет), атқарушы комитеті (исполком) және тексеру комиссиясын (ревизионная комиссия) қайта құру екендігін айтты. Семинар барысында кеңес, атқарушы, тексеру комиссия усынылған кандидаттар дауыс беру арқылы шешілді.
Келешекте жоспар бойнша жемісті жұмыс атқарамыз деп сенім білдірді.
"Жаңасемей аудандық филиалының" төрағасы А.Ш.Тасжуреков.
-
Фотографии
-