ЖАСТАРДАН БАСТАЛҒАН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған “Smart Travel, Smart Teaching Using AI in the English Classroom” тақырыбында семинар өтті. Бұл шара заманауи білім беру талаптарына сай мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беруді көздеді.
Семинардың басты мақсаты — ағылшын тілі сабағында заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыруға бағыт беру болды. Қатысушылар білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктермен танысты.
Іс-шара барысында мұғалімдер жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі рөлі мен артықшылықтары туралы тың ақпарат алды. Сонымен қатар ағылшын тілі сабағында интерактивті әдістерді қолдану жолдары, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған цифрлық платформалар және сабақ жоспарлау мен бағалауда AI құралдарын тиімді пайдалану тәсілдері кеңінен таныстырылды.
Тәжірибелік бөлімде жас мамандар топтық жұмыстарға белсенді қатысып, түрлі тапсырмалар орындады. Олар өзара пікір алмасып, сабақтарына енгізуге болатын жаңа әдіс-тәсілдерді талқылады. Бұл бөлім қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар семинар барысында нақты мысалдар арқылы AI құралдарын қолдану жолдары көрсетіліп, қатысушыларға оларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік жасалды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы