БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КЕЛІСУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ
2026 жылғы 13 сәуірде Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйының ұйымдастыруымен Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінде білім беру ұйымдарының келісу комиссиялары мүшелеріне арналған «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында онлайн және офлайн форматта оқыту семинары өткізілді.
Оқыту-курсын Салалық кәсіптік одағының құқықтық жұмыстар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева жүргізіп, келісу комиссиясының жұмысының құқықтық реттелуі, жеке еңбек дауларын шешу тәртібі туралы айтып, еңбек заңнамасының негіздерін түсіндірді. Еңбек заңнамасындағы өзгерістерге тоқталып, білім беру ұйымдарында жиі кездесетін еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді атап өтті. Семинар барысында туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Курс соңында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Алмагүл Ракишева арнайы курстан өткендігі туралы сертификаттар табыстады.
Облыстық кәсіподақ ұйымы педагогтердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын атап өтті.
Қарағанды облыстық ұйымы
-
Фотографии
-