ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ПЕН КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған өкілдер Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының активімен кездесу өтті. Кездесуде Салалық кәсіподақтың атқарып жатқан жұмыстары, негізгі басымдықтары мен алдағы міндеттері туралы айтылып, кәсіподақ мүшелерін толғандыратын мәселелер талқыланды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кездесу соңында кәсіподақ қозғалысының дамуына белсенді үлес қосып жүрген бірқатар әріптестер марапатталды.
Жұмыс сапары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жалғасты. Университеттің Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасовамен кездесуде әлеуметтік әріптестікті нығайту, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, ұжым өкілдерімен ашық пікір алмасу өтті.
Сапар барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовпен де кездесу ұйымдастырылды. Тараптар білім саласындағы еңбек қатынастары, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.
Өңірлермен тікелей байланыс – Салалық кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осындай кездесулер жергілікті жердегі өзекті мәселелерді тікелей естуге, кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстарын талқылауға және оларды шешудің ортақ жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Салалық кәсіподақ алдағы уақытта да өңірлік ұйымдармен, білім беру ұйымдарымен және әлеуметтік әріптестермен бірлескен жұмысты жалғастыра береді.
-
Фотографии
-