ТАРИХ МҰҒАЛІМІ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН САБАҚ БЕРСЕ, БІЛІКТІЛІК САНАТЫ САҚТАЛАДЫ МА?
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін 2009 жылы 050114- тарих мамандығы бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеріп, «географияға мамандандырылған тарих пәнінің мұғалімі, тарих бакалавры» біліктілігін алдым.
Жаңа оқу жылында тарих және география пәндерінен оқу жүктемесі берілді. Тарих пәнінен алған біліктілік санатым география пәніне сақталады ма?
Педагогтардың біліктілік санатының сақталуы «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.
Қағидалардың 27-тармағына сәйкес, бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе #педагогикалық #қызметті #қоса #атқару немесе #қосымша #атқару #шарттарында #жүзеге #асырған #кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогті (оның ішінде әдіскерді) басқа лауазымға тағайындаған кезде #қолданылу #мерзімі #аяқталғанға #дейін #қолданыстағы #біліктілік #санаты #сақталады.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 27-тармағы Сіздің жағдайда тарих пәні бойынша берілген біліктілік санаты география пәніне мерзімі аяқталғанға дейін сақталуына негіз болады.
Фотографии