КӘСІПОДАҚ КҮШІ – БІРЛІКТЕ
Еңбек жолындағы басты жетістік – атқарған қызметпен ғана емес, адамға жасаған қамқорлықпен, әріптеске көрсеткен қолдаумен өлшенеді. Мен үшін кәсіподақ – жай ғана ұйым емес, адамға демеу, әріптеске тірек, ортақ мүддеге қызмет ететін үлкен күш!
Ұстаздықтан басталған еңбек жолым бүгінде басшылық қызметпен жалғасуда. Мекеме басшысы ретінде мен үшін әр қызметкердің еңбегін бағалау, құқығын қорғау және кәсіби дамуына қолдау көрсету басты міндеттердің бірі. Мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мүмкіндіктерін ашуға, олардың болашағына үлес қосуға және ұжымның бірлігін нығайтуға ерекше мән беремін. Кәсіподақ мүшесі болу әріптестерімнің мүддесін қорғауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және ортақ мәселелерді бірлесе шешуге атсалысу деген сөз.
Мен кәсіподақтамын, өйткені кәсіподақтың күші – бірлікте, ал бірліктің негізі – сенім, құрмет пен жанашырлық! Менің басты ұстанымым – бала болашағына үлес қосу, әріптес еңбегін бағалау және ұжым ынтымағын сақтау. Алдағы уақытта да кәсіподақ құндылықтарын дәріптеп, әріптестеріме қолдау көрсетуді өзімнің азаматтық әрі кәсіби міндетім деп санаймын.
https://www.facebook.com/reel/1473422087971199
С.Оспанова,
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі.