ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлжан Ақанова Дөң мектеп-гимназиясында, Никельтау орта мектебінде, №1 Хромтау орта мектебінде, №2 және №6 Хромтау гимназияларында, Жазық негізгі мектебінде және Никельтау ауылындағы «Ақбөбек» бөбекжай-балабақшасында болып, еңбек заңнамасының сақталуы мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізді.
Бақылау кезінде еңбек шарттарының рәсімделуі, ұжымдық шарт талаптарының орындалуы, еңбекті қорғау жұмыстарының ұйымдастырылуы және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметі назарға алынды.
Никельтау орта мектебінде кәсіподақ мүшелерімен арнайы кездесу өткізіліп, еңбек заңнамасын қолдану тәртібі, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, еңбек жағдайына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-