ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫНА – ЕРЕКШЕ НАЗАР!
Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Ләззат Жапақова ауданның бірқатар білім беру ұйымына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары аясында Құмсай бастауыш мектебінде, Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебінде, №6 «Қарлығаш» және №2 «Айгөлек» бөбекжай-бақшаларында ұжымдармен кездесулер өтті.
Кездесулер барысында кәсіподақ төрағасы кәсіподақ ұйымдарының негізгі міндеттері, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар ұжым мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берді.
Сапар кезінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құжаттамалары қаралып, іс қағаздарын белгіленген талаптарға сай жүргізу және кәсіподақ қызметін ұйымдастыру бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Қоғамдық бақылау аясында білім беру ұйымдарындағы еңбек жағдайлары, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарының сақталуы мен еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне де назар аударылды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-