БАЙҒАНИНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы М.Жамаладин ауданның бірқатар білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жүргізді.
Атап айтқанда, Жарқамыс, Қаражар, Қ.Жазықов, С.Ешбаев атындағы және Бұлақтыкөл орта мектептерінде, сондай-ақ «Жарқамыс» пен «Балдаурен» бөбекжай-балабақшаларында болып, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, еңбек заңнамасының орындалуын және қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларының жасалуын зерделеді.
Кездесу барысында еңбек құқықтарын қорғау, ұжымдық шарт талаптарының орындалуы, еңбек шарттарын рәсімдеу және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік кеңестер берілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ бұрышындағы ақпараттардың өзектілігі мен дұрыс рәсімделуіне назар аударды.
Жұмыс сапары барысында аудандық ұйым төрағасы М.Жамаладин аталған білім беру ұйымдарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Ашық пікір алмасу барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-