ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесіне барып, ұжыммен кездесті.
Басқосу барысында Айжарық Серімбетов кәсіподақ мүшелерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар кездесуде еңбек құқықтарын қорғау, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін сақтау және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлжан Құсайыноваға кәсіподақ қызметіне қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы және облыстық кәсіподақ ұйымының сертификаты табысталды.
Сапар аясында мекемедегі еңбек жағдайларына қатысты қоғамдық бақылау жұмыстары да жүзеге асырылды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, кәсіподақ мүшелерінің сенімі мен қолдауын нығайтуға негіз болады.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-