КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ
Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы, кәсіподақ мүшесі Гүлмира Иржанова ақпараттық технологиялар саласындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсында үздік нәтиже көрсетіп, «Кәсібилігі үшін» номинациясымен марапатталды.
Семей қаласында өткен байқау «Ақпараттық қауіпсіздік» бағытына арналды. Республикалық додаға еліміздің әр өңірінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары қатысып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін ортаға салды.
Байқау барысында Гүлмира Иржанова өзінің жоғары кәсіби даярлығын, пәндік білімін және педагогикалық шеберлігін танытып, лайықты марапатқа ие болды. Ал, оның әріптесі, колледж оқытушысы Талғат Тұрланов байқауға сарапшы ретінде қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, конкурс жұмысына өз үлесін қосты.
Гүлмира Иржанованы лайықты марапатымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!
Ақтөбе облыстық кәсіподағы