ҮРЖАРДА КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Абай облысы Ұржар ауданында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Ұржар аудандық кәсіподақ комитеті» филиалында еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа Абай облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыру жұмыстары бойынша бас маманы, облыстық еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның төрағасы Ұ.Воказе қатысты.
Отырыс барысында комиссияның ұйымдастырушылық мәселелері қаралды. Отбасылық жағдайына байланысты комиссия төрайымы қызметіндегі өкілеттігін тоқтатқан Ә.Данабекова өз кандидатурасының орнына Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасының мектепалды сынып тәрбиешісі Ж.Мұхаметжанованың кандидатурасын ұсынды.
Ұсыныс комиссия мүшелері тарапынан қолдау тауып, дауыс беру нәтижесінде Ж.Мұхаметжанова Ұржар аудандық кәсіподақ комитетінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жаңа төрайымы болып сайланды. Комиссия мүшелері оның кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қарсылық білдірген жоқ.
Отырыс барысында Ұ.Воказе комиссияның атқарған белсенді әрі жемісті жұмысы үшін Ә.Данабековаға алғысын білдіріп, әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, гендерлік теңдікті нығайтуға және еңбекші әйелдердің кәсіподақ қозғалысындағы белсенділігін арттыруға қосқан үлесін атап өтті.
Сонымен қатар, комиссияның алдағы жұмыс бағыттары талқыланып, Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы туралы Ережеде белгіленген міндеттерге назар аударылды. Атап айтқанда, әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, ана мен баланы қолдау, кәсіби дамуға ықпал ету және әйелдердің кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуын арттыру мәселелері қарастырылды.
Комиссия мүшелері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және осы мәселе бойынша қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Аталған іс-шараларды қараша айының соңында және желтоқсан айының басында өткізу жоспарланып отыр.
Еңбекші әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, гендерлік теңдікті нығайту және әйелдердің кәсіподақ қозғалысындағы рөлін арттыру бағытындағы жұмыстар комиссия қызметінің негізгі басымдықтары болып қала береді.
Абай облыстық ұйымының Үржар аудандық комитеті
-
Фото
-