ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАН
Ұстаз – ұрпақ тәрбиесіне жауапты, әр баланың қабілетін танып, оны дамытуға бағыт-бағдар беретін тұлға. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген Сәуірбаев Қуан Зейноллаұлы – білім беру мен спорт саласын қатар алып жүрген тәжірибелі маман.
Сәуірбаев Қуан Зейноллаұлы — 1984 жылы 20 сәуірде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйлыс ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Құйлыс орта мектебін тәмамдап, 2001–2006 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2005 жылдан бері Құйлыс жалпы білім беретін орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар, мектеп жанынан құрылған Ырғыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Қазақ күресі» бөлімінде жаттықтырушы болып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға атсалысып жүр.
Еңбегі еленген маман 2017 жылы облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, 2019 және 2020 жылдары аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен, 2022 жылы облыстық спорт басқармасының Құрмет грамотасымен, 2023 жылы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының марапаттарымен наградталған.
Қуан Сәуірбаевтың шәкірттері оның тәлім-тәрбиесі мен кәсіби бағыт-бағдарының арқасында аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі қазақ күресі турнирлері мен спорттық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп келеді. Бүгінде ауылдан түлеген талай жас балуанның жеңісіне үлес қосып жүрген білікті мамандардың бірі.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы