ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚ БАСТАУЫШ ҰЙЫМНАН БАСТАЛАДЫ
Кентау қаласы, Байылдыр ауылы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы жұмысы – еңбек ұжымының бірлігі мен өзара қолдауының нақты көрінісі.
Бастауыш ұйым төрайымы Айгүл Тәжібаеваның ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, қолдау көрсету, ұжымдық ынтымақтастықты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.
Қуатты кәсіподақ бастауыш ұйымынан басталады. Ал бастауыш ұйымның күші – бірлік пен сенімде! Біз бірге болғанда еңбек адамының үні де, құқығы да, қолдауы да берік!