ПАНФИЛОВТА КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу және оны төмендету мақсатында «Оқу-ағарту бюджеттік ұйымдар, білім және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған оқу семинарын өткізді.
Семинарды Панфилов аудандық филиалының төрағасы М. Тұрлыбеков ашып, жүргізді. Ол еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, кәсіподақ ұйымдарының бұл бағыттағы міндеттерін атап өтті.
Шара барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және еңбекті қорғау бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды. Аудандық техникалық инспектор Х. Бөгенбаев еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасап, өндірістік жарақаттанудың алдын алу шараларына кеңінен тоқталды.
Семинар барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өзара тәжірибе алмасып, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру бойынша пікір алмасты. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Семинар соңында қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбекті қорғау бағытындағы кәсіподақтық бақылауды күшейту жөнінде ұсынымдар берілді. Іс-шара еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және қызметкерлердің қауіпсіз еңбек етуіне жағдай жасау бағытындағы кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етті.
Жетісу облысы, Панфилов аудандық филиалы
-
Фото
-