ҚОЛДАУ БАР ЖЕРДЕ – СЕНІМ БАР
«Кәсіподақ көмектеседі» жобасы аясында Алматы қалалық «Арнайы №137 бөбекжайында» бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Жазира Солтанаеваның ұйымдастыруымен пайдалы іс-шара өткізілді.
Жобаның мақсаты: кәсіподақтың балабақша қызметкерлеріне көрсететін нақты көмегін көрсету, қызметкерлердің еңбек құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және қолдау мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру.
Жобаның міндеттері:
- қызметкерлерге кәсіподақ ұйымының қызметі туралы ақпарат беру;
- қызметкерлерді қорғау мен қолдаудың тиімді мысалдарын көрсету;
- еңбек мәселелері бойынша құқықтық көмек пен кеңес беру;
- әкімшілік пен ұжым арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту;
- ұжымдағы бірлік, өзара көмек және командалық рухты дамыту.