КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Алға ауданының Бестамақ орта мектебі мен «Болашақ», «Зерек» балабақшаларында қоғамдық бақылау жүргізіп, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысына әдістемелік қолдау көрсетті.
Сапар барысында кәсіподақ мүшелерімен ашық кездесу өтіп, еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар сауықтыру жәрдемақысы, іссапар шығындары және еңбекақы төлеу тәртібі бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан нақты түсініктемелер алды.
Жүздесу әрі қарай келісу комиссиясының мүшелеріне арналған семинарға ұласты. Семинар барысында «Еңбек даулары, олардың туындау себептері және келісу комиссиясында қарау тәртібі» тақырыбы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар еңбек дауы туындаған жағдайда мәселені келіссөз арқылы шешу жолдары мен келісу комиссиясының жұмыс тәртібіне қатысты практикалық кеңестер алды.
Айта кетейік, кездесудің басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты білімін арттырып, еңбек саласындағы мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-