ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ МАРАПАТПЕН БАСТАЛДЫ
Жаңа оқу жылының басталуына орай Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен онлайн жиын өтті.
Онлайн басқосуға кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының және облыстық арнайы қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ білім саласында үздік нәтижелерімен танылған ұстаздар қатысты.
Жиында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, олардың білім мен тәрбие саласындағы жемісті еңбегіне алғысын білдірді.
«Еңбегімен ел құрметіне бөленген ұстаздарға қолдау көрсету – кәсіподақ ұйымының басты міндеттерінің бірі», – деп атап өткен кәсіподақ төрағасы үздік ұстаздарға арнайы сыйақы сертификаттарын табыстады.
Бұл марапат ұстаздардың еселі еңбегіне көрсетілген құрмет пен олардың кәсіби жетістіктеріне берілген лайықты баға ғана емес, сонымен қатар кәсіподақ ұйымының білім саласы қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге деген ұстанымының айқын көрінісі.
Жаңа оқу жылы – жаңа жетістіктерге бастар маңызды кезең. Осы орайда ұстаздар қауымына шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілей отырып, алдағы уақытта да ұстаз еңбегінің лайықты бағалана беретініне сенім білдіреміз.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-