ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Жаңа оқу жылында мектеп ұжымдарына білім беру саласына енді қадам басқан жас мамандар қосылуда.
Жас маман – бұл жаңа леп, тың көзқарас, заманауи идеялар мен үлкен ізденістің бастауы. Олар өз білімін, күш-жігерін шәкірт тәрбиесіне арнап, мектеп өміріне жаңа серпін беруге дайын.
Ұстаздық жол – үлкен жауапкершілікпен қатар үздіксіз ізденіс пен шығармашылықты талап ететін абыройлы жол.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Бестерек орта мектебінің шаңырағында «Жас мамандарды қатарға қосу» салтанатты рәсімі өтті.
Мерекелік шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Р.Шапиев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Е.Бостыбаева, мектеп басшылары және аудан мектептерінен келген 14 жас маман қатысты.
Білім саласына алғаш қадам басып, ұстаздар қауымының үлкен отбасына қосылып отырған жас мамандар үшін айтулы күн.
Бүгінгі жас мамандар - ертеңгі білімді ұрпаққа бағыт бағдар беретін білікті ұстаздар. Еңбек жолдарыңыз сәтті басталып, әр күндеріңіз шығармашылық ізденіске, кәсіби жетістікке толы болсын!
Бестерек орта мектебінің кәсіподақ комитеті,
Ақжар ауданы СҚО
-
Фото
-