БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР БЕЛГІЛЕНДІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан қаласының білім саласына қатысты маңызды мәселелерді ортаға салған дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Биылғы басқосу білім сапасын арттыру, адами капиталды дамыту және педагог мәртебесін нығайтуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылауға арналды.
Жиынға қала әкімі Ә.Пазылбекұлы, облыстық білім басқармасының басшысы Ғ.Орынов, Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Шайдуллаұлы, білім саласының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтар, мемлекеттік органдардың өкілдері және салалық кәсіподақ мүшелері қатысты.
Кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындылары сараланып, білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен алдағы оқу жылына қойылатын міндеттер айқындалды. Түркістан қаласында 83 мектепте 60 мыңнан астам оқушы білім алса, 160 балабақшада 18 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. 2025–2026 оқу жылында 243 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, 251 оқушы «Үздік аттестат» алды. Бұл – ұстаздардың табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
Тамыз кеңесінің қорытынды бөлімінде білім беру саласында жоғары нәтижелер көрсеткен бірқатар педагогтерге түрлі деңгейдегі марапаттар табысталды. Түркістан қалалық кәсіподақ комитеті үшін ұстаз еңбегін бағалау, олардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және кәсіби дамуына қолдау көрсету – басты бағыттардың бірі. Жаңа оқу жылы білім саласы қызметкерлері үшін берекелі де нәтижелі жыл болсын
-
Фото
-