ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ПЕН ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІНІҢ НЕГІЗІ
Сүлейменова Макен Қанағатқызы – Шығыс Қазсқстан облысы, Тарбағатай ауданы, «Асусай мектеп-балабақша кешені» КММ математика және физика пәндерінің мұғалімі.
Саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруге арнаған білікті педагогтің бұл саладағы еңбек өтілі 40 жылды құрайды. 1980–1984 жылдары Өскемен педагогикалық институтын аяқтаған ол ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалімдік қызметпен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын абыроймен атқарды. Макен Қанағатқызы жас мамандарға үнемі тәлімгерлік жасап, сабақ жоспарлау мен оқу үдерісін ұйымдастыруда кәсіби бағыт-бағдар беріп келеді. Оның жетекшілігімен білім алған шәкірттері математика мен физика пәндері бойынша аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалардың тұрақты жүлдегерлері атанып, бүгінде еліміздің әр өңірінде түрлі салаларда еңбек етуде.
Ұстаздың білім саласын дамытуға қосқан ерен еңбегі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланып, ол «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, министрлік пен әкімдіктің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Оның «Білімге бағыт беру – ұстаздың міндеті, қабілетті шыңдау – оның шеберлігі, ал елге қызмет ететін тұлға қалыптастыру – оның ұлы мұраты» деген педагогикалық кредосы әрбір ісінен көрініс табады. Еңбекқорлығы мен жауапкершілігі арқылы ұжымның арқасүйер тірегіне айналған ардақты ұстазға абыройлы еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымы