АБАЙ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ
Абай – қазақтың рухани әлемін биіктеткен ұлы тұлға. Оның әрбір сөзі адамды ізгілікке, білімге, талапқа және маңдай термен еңбек етуге үндейді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен қолға алынған #АбайЖәнеЕңбекАдамы республикалық жыр эстафетасы – ұлы ақынның тағылымын дәріптеп, еңбек адамының қоғамдағы орнын айшықтайтын тағылымды бастама.
Эстафетаның кезекті легін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Иманчиев Жандарбек Ермекұлы жалғады. https://www.facebook.com/reel/1028984266602787
Абай шығармаларын жүрекпен оқып, ақынның асыл сөздерін жас ұрпаққа жеткізу – ұстаздық ұлы міндеттің бір көрінісі.
Ақтөбе облыстық ұйымы