ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ
«Жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген ел ертеңі де, болашағы да ұстаз еңбегімен бағаланбақ. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.
Сағынова Қуаныш Төлегенқызы 1966 жылы 21 қарашада Семей облысы, Мақаншы ауданы, Ақшоқы ауылында дүниеге келді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1992 жылдан бастап С.Сәдуақасов атындағы Ақжар ауданы Ұялы орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. 2006-2019 жылдары осы мектептің директоры қызметін атқарды. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын асқақтатып жүрген ізденімпаз ұстаз.
Мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, тіл тапқыш, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені қатар алып жүретін ұстаз ғана емес екі баланың анасы, аяулы жар.
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы