КӘСІПОДАҚ ЕҢБЕК АДАМЫМЕН БІРГЕ!
Еңбек адамы – кез келген қоғамның басты құндылығы. Әрбір жетістік пен игіліктің артында өз ісіне адал, маңдай терімен еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі жатыр. Сондықтан еңбек адамының құқығын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету және лайықты еңбек жағдайын қалыптастыру – басты міндет.
Кәсіподақ әрдайым еңбек адамымен бірге болды және бірге бола береді. Біз әрбір мүшеміздің үнін естуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек қатынастарында туындайтын мәселелерді әділ шешуге күш саламыз.
Әлеуметтік әріптестікті нығайтып, қауіпсіз әрі тұрақты еңбек ортасын қалыптастыру – ортақ мақсат. Бүгінгі таңда бірлік пен өзара қолдау бұрынғыдан да маңызды. Біз тек ұйым ретінде емес, үлкен кәсіподақ отбасы ретінде әріптестеріміздің жанынан табылып, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береміз.
Баршаңызды ауызбіршілікке, өзара сенімге және ортақ іске белсенді атсалысуға шақырамын. Еңбек адамының беделін бірге көтеріп, әділ еңбек қатынастарын қалыптастыру жолында жұмыла еңбек етейік. Кәсіподақ еңбек адамымен бірге!
Ж.Шайдуллаұлы,
Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы