ҰСТАЗДАРҒА – САПАЛЫ САУЫҚТЫРУ
Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен бір топ білім қызметкері жазғы каникулды тиімді пайдаланып, Сарыағаш өңіріндегі шипажайда ем қабылдап, демалып қайтты.
Шипажайда демалушыларға емдік минералды сулармен сауықтыру, түрлі медициналық ем-шаралар, физиотерапиялық қызметтер мен тынығуға қолайлы жағдайлар ұсынылды. Табиғаты көркем Сарыағаш өңірінің таза ауасы мен шипалы сулары ұстаздардың денсаулығын нығайтып, күш-қуатын арттыруға оң ықпалын тигізді.
Кәсіподақ тарапынан көрсетілген мұндай игі шаралар білім қызметкерлерінің әлеуметтік қолдауын күшейтіп қана қоймай, олардың еңбегіне деген құрмет пен қамқорлықтың нақты көрінісіне айналып келеді. Денсаулықтарын нығайтып қайтқан ұстаздар жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алмақ.
Шипажайда демалушылар Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымына шынайы алғыстарын білдірді.
-
Фото
-