КӘСІПОДАҚ ЖОЛДАМАСЫМЕН – ШИПАЖАЙДАҒЫ ЖАЙЛЫ ДЕМАЛЫС
Кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайту мен сапалы тынығуына жағдай жасау – кәсіподақ ұйымының басты бағыттарының бірі.
Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен бір топ білім қызметкері Сарыағаш өңіріндегі, Алға қаласы мен Ақтөбе қаласындағы шипажайларда ем алып, демалып қайтты.
Демалыс барысында қатысушылар дәрігерлердің бақылауымен емдік және сауықтыру шараларынан өтіп, қажетті медициналық процедуралар қабылдады. Сонымен қатар табиғат аясында тынығып, бой сергітіп, күш-қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Мұндай демалыс олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, жаңа оқу жылына сергек көңіл-күймен әрі тың серпінмен оралуына оң ықпал етті.
Айта кетейік, кәсіподақ ұйымы тарапынан көрсетілетін мұндай қолдау білім қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға және сапалы демалуына бағытталған.
-
Фото
-