САУЫҚТЫРУ
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен жазғы каникул кезеңінде бір топ білім қызметкері Алға ауданында орналасқан «Шипагер» шипажайында тынығып, сауықтыру емін қабылдады.
«Шипагер» шипажайы – емдік-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, келушілердің денсаулығын нығайтуға және сапалы демалуына қолайлы жағдай жасалған емдеу-сауықтыру орны. Шипажайда түрлі емдік процедуралар қабылдап, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, тамыз айында тағы бір топ білім қызметкері Қостанай өңіріндегі «Сосновый бор» шипажайында ем алып, тынығатын болады.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы