ЫСТЫҚКӨЛДЕГІ ҰМЫТЫЛМАС ДЕМАЛЫС
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ұйымдастырған жазғы сауықтыру шаралары өз жалғасын табуда. Бұл жолы Сарысу ауданының кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдері Қырғыз Республикасындағы әйгілі Ыстықкөл жағалауында орналасқан «Евразия» пансионатында демалып, ерекше әсерге бөленді.
Демалыс барысында қатысушылар тек көл жағасында тынығып қана қоймай, өңірдің көрікті жерлеріне саяхат жасап, Жеті Өгіз шатқалы мен Григорьев шатқалының әсем табиғатын тамашалады. Сонымен қатар ұлттық тағамдардан дәм татып, әйгілі тау балығын жеп, көтеріңкі көңіл күймен уақыт өткізді.
Кәсіподақ мүшелері осындай мазмұнды әрі сапалы демалысты ұйымдастырған Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағына шынайы ризашылықтарын білдіріп, бұл игі бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдіруде. Жазғы демалыс оларға жаңа күш-қуат сыйлап, жаңа оқу жылын тың серпінмен қарсы алуға мүмкіндік берді.
Жамбыл облыстық ұйымы.