ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бір топ мүшесі жазғы демалыс кезінде Алматы өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа шықты.
Бұл сапардың басты мақсаты – еліміздің көрікті жерлерімен танысып, тарихи-мәдени мұраларымызды тамашалау, сондай-ақ табиғат аясында сергіп, рухани демалыс өткізу болды.
Саяхат барысында кәсіподақ мүшелері Алматының көрікті орындарын аралап, тау бөктеріндегі сұлу мекендерді тамашалады. Таза ауада серуендеп, табиғаттың ерекше сұлулығына тәнті болды. Сонымен қатар өңірдің тарихи орындары мен мәдени нысандарында болып, ел тарихы мен ұлттық құндылықтар жайлы мол мағлұмат алды.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы