ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Білім беру саласында кәсібіне адалдық танытып, үздіксіз ізденіс пен шығармашылықты серік еткен жас педагогтардың бірі – Ақтөбе облысы Темір ауданының №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мелес Жангүл Сабыржанқызы.
Жангүл Мелес - 1996 жылы 19 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Жоғары оқу орнын үздік тәмамдап, 2017 жылдан бері №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде химия пәнінен сабақ беріп келеді. Қысқа уақыт ішінде кәсіби біліктілігімен, шығармашылық ізденісімен және жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануымен әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне ие болды.
Жас ұстаздың жетістіктері де аз емес. 2025 жылы облыстық
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауында ІІІ орын, химия пәні мұғалімдері арасындағы облыстық пәндік олимпиадада І орын иеленді. Сондай-ақ, республикалық «Педагогикалық идея фестивалі» байқауының облыстық кезеңінде ІІ орын алып, республикалық кезеңде Алғыс хатпен
марапатталды. Бұдан бөлек, облыстық «Ғылым және өмір» жобалар байқауында ІІІ орын, республикалық «Білікті ұстаз» олимпиадасында ІІ орынға ие болды.
Әдістемелік жұмыстарға да белсене араласып, облыстық семинарларда тәжірибе бөлісіп келеді. Инновациялық білім беру тәсілдерін тиімді қолдануға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталған жас ұстаз әрдайым кәсіби дамуды басты қағидасы санайды.
Бүгінде Мелес Жангүл Сабыржанқызы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты мұраты етіп, білім беру саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жаңашыл әрі ізденімпаз педагогтардың бірі. Оның еңбегі мен жетістіктері – жас мамандарға үлгі, шәкірттеріне жігер.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-