ЕҢБЕК АДАМЫ
Акимжанова Сауле Жамбуловна 1972 жылғы 19 маусымда Қарағанды облысы, бұрынғы Ульянов ауданының Пушкин ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолына тыңғылықты дайындықпен қадам басқан ол 1989 жылы Қарағанды қаласындағы медициналық училищені тәмамдап, алғашқы еңбек жолын Ульянов аудандық ауруханасында мейірбике ретінде бастады. 1991 жылы отбасын құрып, туған ауылында мейірбике қызметін жалғастырды.
2001 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы Мартбек Мамыраев атындағы мектеп-интернатында еңбек етіп келеді. Бүгінде осы білім ордасында мейірбике қызметін абыроймен атқаруда.
25 жылға жуық еңбек жолында Сауле Жамбуловна өз ісіне деген жауапкершілігімен, адалдығымен, ұқыптылығымен және адамгершілік қасиеттерімен ұжымның құрметіне бөленіп келеді. Ол оқушылардың денсаулығын сақтауға, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге зор үлес қосып жүрген тәжірибелі маман.
Әріптестері арасында сыйлы, кәсіби біліктілігі жоғары, мейірімді жан ретінде танылған Сауле Жамбуловна өз қызметін адал атқарып, жас ұрпақтың саулығына қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған.
Сауле Жамбуловнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбегіне толайым табыс, отбасысына амандық пен бақ-береке тілейміз. Еңбегі әрдайым еленіп, абыройы арта берсін!
Қарағанды облыстық ұйымы