РУХАНИ ШАҺАРҒА САЯХАТ
▪️Ақтөбенің Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен жазғы демалыс кезеңінде 30-дан астам кәсіподақ мүшесі қасиетті Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхат жасады.
✅Сапардың басты мақсаты – қызметкерлердің мәдени-рухани дүниетанымын кеңейту, тарихи мұралармен таныстыру және ұжым мүшелерінің өзара ынтымақтастығын нығайту болды.
✔️Саяхат барысында кәсіподақ мүшелері Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, оның тарихымен және сәулеттік ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы жаңа туристік нысандарды, мәдени-рухани орталықтарды тамашалап, өңірдің даму қарқынына куә болды.
☑️Тарихи орындарға жасалған бұл танымдық сапар қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, туған елдің бай мұрасы мен рухани құндылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
♻️Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қолдауын арттыруға, мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға және қызметкерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
-
Фото
-