КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты кәсіподақ мүшелері еліміздің көрікті шипажайларында демалып, денсаулықтарын нығайтып, жаңа оқу жылына тың серпінмен дайындалуда. Шипажайларда тынығып жатқан әріптестерімізден келген әсерлі фотосуреттер мен жылы лебіздер кәсіподақ жұмысының нақты нәтижесін айқын көрсетеді.
Кентау қалалық кәсіподақ комитеті ұстаздардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен қатар, олардың денсаулығын нығайтуға, еңбекке деген ынтасын арттыруға және сапалы демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Шипажайларда тынығу мүмкіндігі – кәсіподақ мүшелеріне көрсетіліп отырған нақты қамқорлықтың жарқын көрінісі. Бұл игі шара педагогтардың күш-қуатын қалпына келтіріп қана қоймай, олардың кәсіби қызметіне жаңа серпін береді.
Шипажайларда демалып жатқан әріптестеріміз Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне және кәсіподақ ұйымына шынайы ризашылықтарын білдіруде. Ұстаздарға деген құрмет пен қамқорлық әрдайым жалғасын тауып, білім саласы қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүзеге аса бермек. Ұстаз мәртебесін көтеру – қоғамның ортақ міндеті, ал олардың игілігі жолындағы әрбір қадам – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық.
Түркістан облыстық ұйымы
-
Фото
-