ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ДЕМАЛЫС
Оқу жылы бойы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өз міндеттерін абыроймен атқарған Алматы қаласының Әуезов ауданы білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелері оқу жылының қорытындысында табиғат аясында ұйымдастырылған мазмұнды демалысқа шықты.
Демалыс шарасы Алматының көркем табиғат қойнауында өтіп, қатысушыларға таза ауада серуендеп, ерекше әсер алуға мүмкіндік берді. Саяхат барысында табиғаттың әсем көріністерін тамашалап, эстетикалық ләззат алған ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері түрлі танымдық және ойын-сауық бағдарламаларына белсене қатысты.
Іс-шара аясында жұмбақтар жасырылып, мақал-мәтелдер айтылып, ұлттық және зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тимбилдинг бағдарламалары өткізіліп, қатысушылар өзара ынтымақтастық пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте сезінді.
Мұндай игі шаралар кәсіподақ мүшелерінің өзара қарым-қатынасын нығайтып, ұжымдық бірлікті арттыруға, кәсіби қызметтен кейінгі рухани және мәдени демалысты тиімді ұйымдастыруға зор ықпал етеді. Табиғат аясындағы бұл демалыс қатысушылардың жадында жарқын әсер қалдырып, жаңа оқу жылына тың күш пен шабыт жинауға мүмкіндік берді.
«Ұстаз» кәсіподағы