БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШИПАЖАЙДА
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен жазғы демалыс кезеңінде кәсіподақ мүшелері Сарыағаш өңіріндегі шипажайларда сауықтыру-емдеу шараларын қабылдауда.
Бұл игі бастама білім саласында табысты еңбек етіп, кәсіби жетістіктерімен ерекшеленген ұстаздарды қолдауға бағытталған. Ұзақ оқу жылы бойы шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен мұғалімдер үшін мұндай демалыс денсаулықтарын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек күшпен оралуға мүмкіндік береді.
Кәсіподақ ұйымы тарапынан ұйымдастырылған сауықтыру шаралары педагогтардың әлеуметтік қолдауын арттыруға және олардың еңбегін бағалауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Айта кету керек, алдағы күндері аталған ауданның 100-ге жуық білім қызметкері Алға ауданындағы, Сарыағаш, Қостанай өңірлеріндегі шипажайларда тынығатын болады.
Ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
-
Фото
-