АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАС КӨШБАСШЫЛАРЫ АЛАКӨЛДЕ
16 маусымда Алакөлде Салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымы жанынан құрылған Жастар кеңесі ұйымдастырған «Art-Union: Жастардың жаңа көзқарасы» жазғы жастар лагерінің салтанатты ашылуы өтті.
Үржар аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Алшынбаев пен Үржар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Жыңғылбаев лагерь қатысушыларын құттықтады.
Лагерьдің алғашқы күні Үржар ауданының педагог-психологтары А.Саржанова мен А.Қанатбекова жастарға арналған «Эмоционалдық интеллект – заманауи мұғалімнің басты soft skills дағдысы» тақырыбында workshop өткізді.
Сонымен қатар, М.Тұрсынова мен К.Рахымбаева «Ұжымдағы еңбек даулары мен қақтығыстарды шешудегі педагогикалық этика мен кәсіподақтың рөлі» тақырыбында мазмұнды тәжірибелік алаң ұйымдастырды.
Іс-шаралардың жалғасы ретінде жастар Барлық-Арасан шипажайына танымдық экскурсия жасап, өңірдің тарихи-мәдени және емдік ерекшеліктерімен танысты.
Мазмұнды әрі әсерлі өткен алғашқы лагерь күні Dolce Vita демалыс үйі ұйымдастырған кешкі аспен, қызықты ойындармен және емдік қасиетімен танымал Алакөл жағасындағы серуенмен қорытындыланды.
«Art-Union: Жастардың жаңа көзқарасы» лагері жас педагогтардың кәсіби дамуына, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге және кәсіподақ қозғалысындағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналуда.
-
Фото
-