ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҮЗДІКСІЗ ІЗДЕНІС ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Қызылорда облысы, Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Жетес Ақнұр Алдабергенқызы – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен жаңашыл маман.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдап оралған жас ұстаз алғашқы күннен бастап оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Оның жетекшілігімен дайындалған шәкірттер «Дарын» және «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауларының аудандық кезеңдерінде І орындарды, облыстық кезеңдерде жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, мектеп абыройын асқақтатуда.
Ұстаздың кәсіби ізденісі мен шығармашылық белсенділігі де жоғары бағалануда. Ол 2025 жылы өткен «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» кәсіби байқауының аудандық кезеңінде І орын, облыста ІІ орын иеленіп, республикалық кезеңде «Цифрлық әлем көшбасшысы» номинациясымен марапатталды. Сабақ үдерісінде STEM технологияларын, цифрлық ресурстар мен зерттеушілік әдістерді тиімді қолданатын Ақнұр Алдабергенқызы оқушылардың сыни ойлауы мен функционалдық сауаттылығын дамытуға басымдық береді.
Қысқа уақыт ішінде біліктілігімен әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленген жас ұстаздың жетістіктері – мамандыққа деген сүйіспеншілік пен тынымсыз еңбектің жарқын көрінісі.
Қызылорда облыстық ұйымы