ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
Жылдар бойы шәкірт жүрегіне өнердің нұрын сеуіп, шығармашылыққа баулып, талай таланттың қанатын қатайтқан музыка пәнінің мұғалімі Жүсіпова Гаухар Серікқызының жетістіктері – тынымсыз еңбектің, табандылықтың және кәсіби шеберліктің жарқын көрінісі.
Жусупова Гаухар Серікқызы – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 1980 жылдың желтоқсан айының 8-ші жұлдызында дүниеге келген. Жалағаш ауданындаға №123 дарынды балаларға арналған мектеп – лицейінің түлегі.
Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін тәмамдап, Қызылорда Гуманитарлық Университетінің «Педагогика-психология» мамандығын бітірген. Мамандығы – музыка пәнінің мұғалімі.
2007 жылдан бастап Ақсу ауылындағы №116 орта мектебінде «Тәлімгер» мамандығы бойынша қызмет жолын бастаған. 2009 жылы аудандық «Ең үздік тәлімгер» байқауына қатысып, ІІ орынды иеленген. 2011 жылы «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты байқауы бойынша бас жүлдені жеңіп алған. 2013 жылы «Үздік тәлімгер» байқауында І орынды жеңіп алып, облыстық кезеңінде ІІІ орын алды. 2014 жылы «Ең үздік тәлімгер» байқауында бас жүлдені жеңіп алып, облыстық кезеңде жүлделі ІІ орынды иеленген.
2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. «Музыка пәнінің үздік мұғалімі» байқауында аудандық және облыстық кезеңдердің жеңімпазы атанып, аудан әкімінің Алғыс хаты мен білім бөлімінің Құрмет грамотасына ие болды. Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған.
Ұстаздың жетекшілігімен тәрбиеленген шәкірттер де өнер мен білім бәйгелерінде биік белестерді бағындыруда. Атап айтқанда: «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасында шәкірті А.Сағынтай аудандық және облыстық кезеңдердің жеңімпазы атанып, республикалық кезеңде ІІІ орын иеленді; Республикалық «Әнді сүйсең менше сүй» байқауында ІІ орынға ие болды; «Мағжан оқулары» республикалық байқауында шәкірті Назерке Қожабай аудандық кезеңде І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды;
«Зерде» ғылыми жобалар байқауы, Абай оқулары, патриоттық әндер сайыстары, ғылыми жобалар мен өнер байқауларында шәкірттері бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды.
Бұл жетістіктер – ұстаздың шығармашылық ізденісінің, кәсіби жауапкершілігінің және шәкірттеріне деген шексіз жанашырлығының нәтижесі.
Еңбекпен келген жетістік – ең қадірлі жеңіс. Осындай білікті де талантты ұстаздың еңбегі әрдайым бағаланып, шәкірттерімен бірге жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!