БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
Бүгін, 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподағының Әуезов аудандық филиалы кішкентай бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.
Әуезов ауданы «Балалық шақ – бакыт мекені» мерекелік шарасының бағдарламасы бойынша балалардың бақытты балалық шақтарын сезінуге, бойындағы өнерлерін ұштастыруға ауданымызда театрландырылған қойылымдар, ойын-сауықшылар, флешмобтар, сурет байқаулары, қыш шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар және балаларға арналған ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Осы күн балалар үшін жарқын, мерекелік және ұмытылмас күнге айналды.
«Жұлдызды сәт» атты үлкен шараға қатысқан «Ұстаз» кәсіподағының мамандары мерекелі көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға,талантты балаларға өз алғысын білдірді.
«Ұстаз» кәсіподағы
-
Фото
-