КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Қызылорда қалалық білім беру ұйымдарының келісу комиссиясы мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында еңбек заңнамасының талаптары, жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, арыздарды қабылдау және қарау рәсімдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушыларға ҚР Еңбек кодексіндегі өзгерістер мен еңбек қатынастарына байланысты өзекті мәселелер кеңінен таныстырылды.
Семинарда қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тәжірибелік мысалдар арқылы түсіндірмелер ұсынылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – келісу комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, еңбек дауларын заң аясында тиімді шешу дағдыларын қалыптастыру.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
-
Фото
-