ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР
Жарқын болашақты мақсат етіп таңдаған, егемен елдің ертеңгі иелері – бүгінгі қауіпсіздік екені ақиқат. Осыған орай жыл сайын Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» республикалық байқауы өтеді.
Осы сайысқа Алматы қаласындағы Жетісу ауданы №101 мектеп- гимназиясының техникалық қауіпсіздік инспекторы Назматова Гүлбадам Азатқызы қатысып, ауданнан І орынды иеленіп, қалалық сайысқа жолдама алған болатын.
Әріптесіміз қаладан да жүлделі орын алып үлкен қуанышқа ие болды. Бұл – кәсіби шеберлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Мектебімізде техникалық қауіпсіздік талаптарын орындау жұмыстары толық көлемде жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуда. Әріптесімізді жетістігімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тілейміз!
М.Садырова,
мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы
-
Фото
-