ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Қаймолдина Майя Есетқызы – саналы ғұмырын жас ұрпақтың жан дүниесін түсінуге, олардың тұлғалық дамуына бағыттап келе жатқан білікті маман, тәжірибелі педагог-психолог. Майя Қаймолдина 1984 жылдың 24 ақпанында Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай совхозында дүниеге келген. 2011–2013 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Педагог-психолог» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданындағы №2 Бадамша орта мектебінде зертханашы болып бастады. 2005 жылы №12 Бадамша кәсіптік-техникалық колледжінде химия пәні мұғалімі, 2009 жылы Хромтау қаласындағы №3 «Айгөлек» мектепке дейінгі ұйымында психолог қызметін атқарды. 2010 жылдан №5 Хромтау гимназиясында педагог-психолог болып еңбек етті. 2022 жылдан бастап №7 Хромтау мектеп-гимназиясында педагог-психолог қызметін атқарып келеді.
Майя Қаймолдина білім беру саласында кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен танылды. Ол оқушылардың психологиялық саулығын қалыптастыру, буллингтің алдын алу, дарынды және ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс бағытында нәтижелі еңбек етіп келеді.
Көп жылғы еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін облыстық, республикалық деңгейдегі Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар және дипломдармен марапатталған. Атап айтқанда, 2014 жылы «Үздік жыл психологы» байқауының аудандық кезеңінде І орын иеленсе, 2017 жылы республикалық «Үздік жыл психологы» байқауының III дәрежелі дипломымен марапатталды. 2024 жылы республикалық «Үздік психолог» байқауының І дәрежелі дипломын иеленді.
Қорытындылай келе, Қаймолдина Майя Есетқызы – кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеті үйлескен, шәкірт жанына жол таба білетін білікті маман, өз ісінің шебері. Өз ісіне деген жауапкершілігі, үздіксіз ізденісі мен мол тәжірибесі арқылы ол білім саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.